Жеті шелпек жеті пәледен құтқарады

Ел ауызанан жеткен аңыз бойынша жеті шелпектің таратылуы былайша сипатталады:

“Ерте заманда бір аңшы жігіт болыпты. Аңшы аң аулаумен айналысып жүргенімен қоймай, таудағы құстардың жұмыртқасын жинап келіп, балаларының таңдайына татыртады екен. Аңшы аң аңлау үшін тау-тасты кезіп, бірнеше күнге кетеді екен. Бір күні ол жол жүрмекке дайындалады. Сол күні аңшы жігіт түс көріп, түсінен үреймен оянады.Аңшы кетіп бара жатып әйеліне жеті шелпек пісіріп таратуды тапсырады. Аңшы жігіт бір сапарында таудағы қыранның  жұмыртқаларын жинап кетсе керек. Қыран аңшының тағы келерін сезгендей, жемшік іздеп кетерінде, жұмыртқаларын тауға тапсырады: “Бөгде біреу ұяма тиісетін болса, хаабар бер. Оны кұз қиядан лақтырып, көздерін ойып тастаймын”, – дейді.

7 шелпек 7 пәледен құтқарады

7 шелпек 7 пәледен құтқарады

 

Біршама уақыт өткен соң қыран ұясына айналып келсе, жұмыртқалары жоқ. Қыран қатты налып: “Сендерге забар бер, қорғаныш бол деп тапсырып едім ғой, жұмыртқаларымды тағы кім алған?”, – деп сұрайды. Сонда таулар: “Біз хабар жеткізейік, қорғайын-ақ деп едік, бірақ жеті жағымыздан жеті күш қозғалуға мүмкіндік бермей басып тұрды”, -деп жауап берді. “Жеті шелпек жеті пәледен қорғайды” деген сөз орамы осыған байланысты айтылған.

 

Қолданылған әдебиетттер:

Энциклопелия «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі», 2011 ж, 393 бет, 2 том.

 

Шелпек туралы сізге қызықты болса, ол туралы тағы да постарым бар — Значение цифры 7 у казахов, Жеті шелпек «языческий обряд»?, Как правильно готовить 7 шеплек?

С этой статьей так же читают: