Үйлену тойына беретін бата

Илләһи әмин!

Бисм-иллә-һир Рахмә-нир Рахим

(Мейірімді, қайырымды Алланың атымен бастаймын)

Әлхамдү илләһи Раббил ъаламин.

        (Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Аллаға тән)

 1. Жолдарың өрісті болсын,

       Ақ отауың жемісті болсын.

      Дендерің  сау болсын,

      Айналаң суат болсын.

 

2. Дәулеттерің аса берсің,

       Дүшпандарың жаси берсін.

      Алла ниеттеріңізді қабыл айласын,

      Үлгілі-мәдениетті үй болыңдар!

 

3. Шаңырағың шаттыққа толып,

       Ырыс пен береке дарысын!

      Тайқазанын тасытып гүлдене берсін,

       Өмірлерің ұзақ, қызықты болсын!

 

4. Тең құрбыңның ішінде,

       Үстем болсын мерейің.

      Үйіңе мейман келгенде,

      Ашық болсын шырайың.

 

5. Жүректеріңізге зұлымдық пен қызғаныш ұяламасын,

      Қайып-ерең қырық шілтен қолдап жүрсін.

     Шаңырақтарың баталы болсын,

     Дәулеттерің аса берсін!

 

 

«Әмин» – қабыл болсын!

Алланың Рахметі жаусын,

                    Аллаһу акбар!!!

Үйлену тойына бата

Үйлену тойына бата

С этой статьей так же читают: