Сүндет тойға бата

Илләһи әмин!

Бисм-иллә-һир Рахмә-нир Рахим

(Мейірімді, қайырымды Алланың атымен бастаймын)

Әлхамдү илләһи Раббил ъаламин.

        (Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Аллаға тән)

 1. Мұсылман болдың қарағым,

Таудай болсын талабың.

Мұратыңа жете бер,

Күннен күнге өсе бер.

 

2. Жолың өрісті болсын,

Қонысың жемісті болсын.

Денің сау болсын,

Айналаң суат болсын.

 

3. Сөзің халқыңа қуат болсын,

Халқыңа қалаулы бол.

Тең-құрбыңа сүйкімді бол,

Ата-анаға мейірімді бол.

 

4. Жамбылдың жасын,

Абайдың даналығын,

Елшібек атаңның діндарлығын,

Сатпаевтың ғалымдылығын берсін!

 

5. Осы халықтың ардақты баласы бол!

Ұзақ болып өмірің,

Өміріңнің түйінің,

Өз қолыңмен шеше бер!

 

«Әмин» – қабыл болсын!

Алланың Рахметі жаусын,

                    Аллаһу акбар!!!

 

Сүндет тойға бата

Сүндет тойға бата

С этой статьей так же читают: