Наурыз батасы

Илләһи әмин!

Бисм-иллә-һир Рахмә-нир Рахим

(Мейірімді, қайырымды Алланың атымен бастаймын)

Әлхамдү илләһи Раббил ъаламин.

(Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Аллаға тән)

1. Наурыз күні ақ болсын,

  Бастарыңа бақ қонсын!

  Ұлыс күні ұлың менен қызыңа,

  Қыдыр ием жақ болсын!

2. Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін!

Пәле-жала жерге енсін!

3. Жаңа жылда жарылқа,

 Ескі жылда есірке,

 Кеткенін келтіріп,

 Кемтігін толтырсын.

4. Әуеден жаудырсын,

Жерден өндірсін.

Нәсібең таси берсін,

Дүшпаның қаша берсін.

5. Бақытты ас болсын,

 Ұлың оңға қонсын,

 Қызың қырға қонсын,

 Малың өріске толсын.

6. Көргендерің түспей болып,

Қыдыр қонсын бастарыңа,

Өмір бақи осындай

Қуанышты болыңдар!

7. Тапқандарың кен болсын,

Өндіріс көбіне болсын,

Қайда барсаң, жол болсын,

Ұлыс құт береке әкелсін

«Әмин» — қабыл болсын!

Алланың Рахметі жаусын,

                    Аллаһу акбар!!!

наурыз бата, бата, наурыз, наурызға бата

С этой статьей так же читают: