Қазақы неке – Петр Маковецкий (1886 ж)

1. Отбасының заңдары

 

Некелесу

Ертеректе, хан Тәукенің тұсында еркек 15, әйел 16 жасында некелесуге ерікті екен. Әйелдің тұрмысқа жасы жетіп, шығуын ел ағалары текке көздемесе керек, үйдің ішкі, сыртқы тіршілігінің бар тауқыметін тартатын  әйелзатының еркектен гөрі естірек, төзімдірек болуы өмірдің қажеттілігі еді. Бертін келе бұл заң күшін жойып, қазақтардың некелесуіне жас жағынан шек қойылмайтын болды.

Осы некеге қатысты ежелден келе жатқан, кәзір де сақталатын бір шарттың барын айта кеткен жөн. Қазақта 7 атадан қосылатын туыстардың некелесуіне тиым салынған. Өгей шешеге, асыранды тариқызға, келінге, енеге үйленуге болмайды. Сондай-ақ, әйелінің көзі тірісінде еркек балдызына, қайынбикесіне, қайынағасының қызына үйленуге болмайды. Бөле, немере ағайындардың некелесуіне тиым жоқ.

Неке ісіне барлық мәселені ата-ана мен ру басылары шешеді, күйеу жігіт пен қалыңдық тек солардың айтқандарына құлақ асуға тиіс. Көп жағдайда қыз бен жігітті бесікте жатқанда атастырып қояды. Қазақтардың  құдаласу рәсімі өте күрделі, ол кейде 10 жыл немесе одан да көп уақытқа дейін соқылуы мүмкін.

Ең әуелі қыз бен жігіттің әке шешесі құдаласуға келісіп, қалың мал жөнінде сөйлеседі. Жігіт әкесі осы келісімнің белгісі ретінде қызға үкі тағады. Егер қыз әкесі келісімді бұзса, үкіні қайтарып қана қоймай, айып төлейді. Ал келісімді жігіт жағы бұзса, үкі қайтарылмайды.

Үкі - Құдаластырудың белгісі

Үкі – Құдаластырудың белгісі

үкі2

Бұл келісімнен кейін қаңды құдаласу басталады. Жігіттің әкесі руының сыйлы адамдарынан құда сайлап, қыз ауылына жібереді. Қыз жағы құдаларын қарсы алып, күтіп, қайтарында киіт кигізеді. Киіт құдалардың жасына, беделіне қарай беріледі. Ең қымбат киіт жігіттің әкесііне беріледі. оның құдалардың құрамына келу-келмеуі шарт емес. Құдалары келгенде, қыз әкесі ақ қой сойып, бата оқытып, кішігірім “құда түсер” тойын жасауы керек. Осы той үстінде құдаларға құрт қатқан сорпаға салынған құйрық бауыр тартады. Ақ қойды бауыздаған сәтте “ақ қойдың қаны ағып, ақ бата оқылды” деп бата оқып, бет сипасады.

Құйрық-бауырды қосып тартудың мәні зор: бауыр күллі бауыр, туыс-жекжаттың белгісі, бір  бауырды бөліп жеп, екі жақ бауырласқандай болады. Құйрық – малмен жан бағып отырған қазақ үшін малдың, молшылықтың белгісі әки арадағы алыс-беріс көбейсін дегенді білдіреді. Бір жағынан құйырық бауыр заң орнына да жүреді, алда-жалда құдалықтың барысында дау туса, билер: “құйрыө бауыр жедіңдерме?”- деп сұрайды, құйрық-бауыр жегендері расталса, құдалық заңды деп саналады.

Құйрық-бауыр

Құйрық-бауыр

Қазақтар құдалықты қыз бен жігіттің қосылуы емес, екі отбасының туыстасуы деп санайды, демек күйеу мен қалыңдықтың біреуі өлген жағдайда да құдалық бұзылмайды. Күйеу өлсе, қалыңдық оның бойдақ бауырына тиеді, ал егер бірге туған бауыры жоқ болса, жақын аталасына тиеді, әки “аға өлсе – жеңге мұра, ат өлсе – сауыры мұра”деген өағидаға бағынады. Егер күйеу көзі тірісінде қалыңдығына келіп-кетіп жүрген болса, онда қалыңдықты қара жамылдырып жігіт ауылына әкеледі, ол бір жыл жігіттің орнында аза тұтып отырады, сосын жігіттің інісіне немесе жекжетына тұрмысқа шығады. Қалыңдықтың әке-шешесі өлген күйеудің ата-анасының көңілін аулап “аза” мал әкеледі.

Егер қалыңдық өлсе, күйеуге оның сіңлісін ұзатады, алда-жалда өлген қалыңдықтың сіңлісі тым жас болса, ол кейін күйеудің өзімен тұрғылас інісіне шығуға міндетті болады, онда төлеген қалың мал қайтарылмайды. Ал күйеу жігіт басқа біреумен некелесуге ерікті болады. Өлген қалыңдықтың орнына берер қыз болмаса ғана қалың мал қайтарылады.

Күйеу қалыңдығы өлгенше ұрын келіп қойған болса, онда өлген қалыңдығының туған сіңлісін не жекжат сіңлісін алмас бұрын әуелгі қалың малына үстеме төлейді. Бұрынғы бергені 27 болса – 1 түйе, 1 жылқы, 47 болса – 4-5 түйе қосады. Ал енді күйеуге ұзатар басқа қыз болмаған жағдайда, өлген қалыңдығына ұрын келгені ескеріліп, қалың малдың жартысы ғана қайтарылады.

Күйеудің әкесі өалың малын төлеуге қандай міндетті болса, қалыңдықтың әкесі өызына жасау беруге сондай борышты. Жасаудың көлемі жайында ешқандай келісім шарт болмайды. Қалыңдықтың әкесі қалң малдың ауқыымына қарай жасау әзірлетеді. Орташа тұрмысты және жарлы адамдар көбіне қалың малдан кем жасау береді, өйткені олар үшін қызын күйеуге беру – жағдайын түзеп, тұрмысын бүтіндеудің бір жолы. Ал енді 77 бастап артық қалың мал алған бай адамдар қызының жасауын қалың малынан асырып жасамаса, кем жасамайды.

Мал мен ақшадан тұратын қалың малдан жасаудан айырмашылығы – оның негізін киім-кешек, көрпе-жастық, кілем төсеніш, үй жабдықтары, киіз үй құрайды. Малдан тек қыз мінетін ат пен жасау артатын түйе болады. Қазақтың ескілікті салты бойынша, саукеле мен қымбат әшекейден басқа қыз киімі түгел 9-дан берілген. Қазір ол дәстүр көп сақталмайды, әәркім қал-өадірінше тірлік қылады, мәселен байлар әр киімді  40-тан берсе, кедейлер бір бірден бергенді місе тұтады, күллі жасауын түгендеуге олардың әл-ауқаты жетпейді.

Тұтас жасау мынадай:

– ат, түйе, отау үй, ер, шылбыр, үзеңгі, өмілдірік, құйысқан, жүген, жәмші, қамшы;

– ыдыстан: қазан, таған, аяқ, табаақ, шөміш, қасық, құмған, төсек ағаш, кебеже, жүк аяқ, әбдіре;

– киімнен: сәукеле, желек, көйлек, дамбал, етік, тон, ішік, белбеу;

– төсек-орын: көрпе, жастық, шымылдық, киіз, түс киіз, кілем, алаша, сырмақ

Осы аталған заттардың ішінде сәукеле мен желек арнайы тойға тіктіріледі. Желек көбіне қызыл матадан тігіледі, қалыңдық оны тойдан кейін бір жыл бойы басынан тастамайды. Сәукелені қалыңдық күйеу жігіттің ауылына келін болып түскенде киеді. Сәукеле – қалыңдықтың тек өзіне ғана тиесілі меншігі болып саналады, сондықтан ол өлгеннен кейін сәукелесі төркініне қайтарылады, оның сәукелесін тек балалары ғана иемдене алады.

Саукеле

Саукеле

Құда түсіп, қалың мал төленген соң жігіт жағы қыздың жасауының жасалып бітуін күтеді. Ол бір жылға немесе одан да көбірек уақытқа созылуы мүмкін. Бұл аралықта күйеу жігіт қалыңдығына ұрын келіп жүреді.

Ақыры жасауы түгенделіп, қыз ұзатуға әзір болғанда күйеу жолдасымен қалыңдықтың ауылына аттанады.

Қазақтар жыл мерзіміне қарай той жасай береді. Тек құрбан айт пен оразза кезінде тойды тоқтата тұрады, бірақ көбіне бұл мұсылманшылық тәртібін тек бай адамдар ғана сақтайды.

Қыз ауылына неше күн той-думан, бәйге, ойын сауық қызады. Жастар жолға жиналған кезде некелері қиылады. Ең әуелі қыз бен жігіт отау үйге кіріп, әрқайсысы өз шымылдығына кіреді. Жігіттің шымылдығы түріліп, қыздың шымылдығы түсіріледі. Үйде қыз-жігіттің әке-шешесі, әр жақтан екі куәгер, неке қиюшы молла қалады. Молла батасын оқып, некеленушілерден ризашылыңын сұрайды. Қалыңдық пен күйеу жауап бермеуге ерікті, олардың үндемеуі – келіскендіктің белгісі деп саналады. Ал жауап бере қалған жағдайда: “Некелесуге ризамысың?” деген сұраққа: “разы болғанмын” деп өткен шақта сқйлеуге тиіс.

Бұрынғы кезде неке қиярға ішіне күміс, інжу-маржан салынған неке суын әкелу шарт болатын. Неке суынан тек қалыңдық пен күйеу жігіт қана емес, некелесуге қатысушылар түгел ұрттайтын. Қазір бұл рәсім жасалмайды. Неке қияр біткен соң, қалыңдықтың әкесі қызына: “балам, жаман болма, атаңа нәлет келтірерсің” деп, күйеу баласына: “балам, қызымды қорлама, атағымды өлтірерсің” деп тілек айтады.

Қазақтар қалыңдықтың қыз күйінде, таза келуіне қатты мән береді. Алғашқы неке түні қыздың астына “неке жаулық” деп аталатын жайма төселген. Ертеңінде күйеу ұйқыдан оянып, төсектен тұрып кетісімен екі жеңгетай киіз үйге кіріп, ақ жайманы тексерген, қыздың тазалығының белгісін тапса, оның шешесінен сүйінші алып, бұл хабарды бүкіл ауылған таратқан. Егер күйеу ұрын келіп жүргенде, қалыңдығынмен жақын болса, жеңгетайларға бұл жайында алдын ала ескертуге тиіс. Бұндай жағдайда қалыңдықтың құрбылары күйеуді ортаға алып, айып төлемесең, атыңның қарның жарып, өзіңді жаяу қалдырамыз деп қыстайды, күйеу жігіт айып төлем құтылған.

Егер қалыңдық күйеуге дейін біреумен көңіл қосып қойып, алғашқы неке күні таза болмай шықса, күйеу бұл жайды жеңгетайларға хабарлап, олар жайсыз хабарды қалыңдықтың анасына жеткізген. Сосын анасының: “бетіме күйе жағып, елге қарамастай қылдың”деген сәлемін қызына айтып барған. Содан кейін олар қыз абыройын төккен жазықтыны іздеп тауып, билердің алдына жыққан. Қызды бүлдіруші бір тоғыз айып төлемей құтылмайды. Қыз әкесі “қызға қырық үйден тыйым салмадың” деп әйелін сабаса, күйеу қалыңдығының кінәсін айтып, қыыз әкесіне кісі салған. Егер қыздың абыройсыздығына әке-шешесі кінәлі болса, яки оны біреуге зорлап қосса, онда күйеуге кіші қызын беруге тиіс, өйтпеген жағдайда жігіт қалың малын қайтарып алуға қақылы. Қалыңдық абыройсыз болып шыққанда жасалатын түрлі рәсімдерді “қатын шықты” деп атайды. Жігіт берген қалың малын қайтарып алуы үшін куәгерлерін алдыға тартып, қыздың кінәсін дәлелдеуі керек.

қыз күнәсі

Қалыңдықтың әке-шешесі мен күйеу тойға дейін кездеспеуге тиіс, әуелде айтқандай, құдаласу рәсіміне де оны қатыстырмайды. Қалыңдығына ұрын барғанда да болашақ қайын енесі мен атасының көзіне түспеуі керек. Қалңыдығын әкетуге барғанда ғана қайын атасымен жүздесіп, танысады.Тойдан кейін жас жүбайлар қыз ауылына 3 жылға дейін бармайды. Бірақ бұл шартты бұлжытпай орындаудың реті келе бермейді. Өйткені аяғынан қаз тұрғанша жастар екі жақтың да қамқорлығына  зәру болады.

Күйеуге көп жеңілдік жасалғанмен, қалыңдыққа келгенде барлық тәртіп қатаң сақталады. Келін болып түскен күннен бастап ол қайын атасының, қайынағаларының, тіпті қайныларының алдынан кесіп өтпеуге тиіс. Қыз ауылға келін болып түскенде “келін көрімдік” ырымы жасалып, қайын ата, қайын ене, қайынағаларына жүзі көрсетіледі. Осыдан кейін тәрібие көрген келін болса,  қайын атасы мен қайынағаларының, жалпы ел адамдарының бетіне тіктеп қарамайды.

Әдеп тек келін тарапынан ғана емес, қайын ата, қайын ағалар жағынан да сақталуға тиіс. Олар да келінмен бетпе-бет келе бермеуге тырысады. Қазақтың “қатын қадір білмейді – етін көреді, келін қадір білмейді – бетін көреді” деген мақалы қайын атасы мен келіні көп жүздесе берсе, келіннің бойы үйреніп, атасынан именуді қояды дегенді білдіреді. Қазақтың отбасында әйел еркетен асып сөз сөйлемеуі керек. Жас келін алғашқы күннен бастап-ақ осы тәртіпті ұстануға тәрбиеленеді.

казакы неке 3

 

Ұрын келу – екі жақ қол алысып, төс қағысып құдаласқаннан кейін күйеу қалыңдығымен жүздесуге барады. Оның осы алғашқы келуін ұрын келу дейді. Ұзатылу тойына дейін күйеуу әлденеше рет ұрын келуі мүмкін.

Жалғасын келесі поста көруге болады.

Қолданылған әдебиет: “Қазақы неке” кітабы. Ботакөз Кожабекова. Алматы “Жалын”, 1994 жыл

 

 Осы материалды көшіргіңіз кесе, блогыма сылтау жасау міндетті.

Әрдайым сіздің Sholpanay