Жақ сүйек

Жақ сүйек – бас сүйектің астыңғы бөлігінің атауы. Сойылған малдың басын үйітіп, жуып тазалаған соң, астыңғы үстіңгі жақты бір бірінен айырады. Жақты ажыратқан соң екі қалқанын опырып, тіл, ұрт айналысын тазалайды, көмей безденін сылып алып тастайды.

Батыс, Сыр өңірінде және Алматы облысының батыс, орталық, солтүстік аудандарының қазақтары жақ сүйектегі тістерді арам деп қағып тастайды.

Кейбір өңірде астыңғы-үстіңгі жақты айырмай бітеу пісіріп тартатын де ерекшелік бар.

Жақ сүйек

Жақ сүйек ас-тағам мәдениетінде әйел адамның сыбағасы орнына жүреді.

Қазақ түсінігінде жақ сүйек алғырлық пен шешендікті “қамтамассыз ететін” ерекше мәнге ие мүше болып саналады. Сөзуар, көп сөлейтін адамды жағы сенбейтін десе, осыған орай тез сөйлейтін адамды жағы жағына жұқпады, шешен, суырыпсалма, ақпа, сөзге жүйрік адамды жағы жоқ дейді.

Жақ сүйек туралы

Қазақы ортада жақ сүйек мүшесіне байланысты жақсы тілек немесе бата бағыштағанда “жағың түспей, жамандық көрме!” деп келетін фразеологизм жиі қолданылады. Яғни қартайғанша қасірет көрмей, мұң қайғыға батпай жүруін тілеген игі ниеттен туған сөз тіркесі. Мұндағы “Жағың түспей, жамандық көрме” әбден қартайғанша жамандық көрме, бақытты бол дегенді білдіреді.

Жақ сүйек

Жекелеп ажыратылған жақ сүйектен балалар ойыншық жасап (түйе ретінде) ойнаған және де қолөнерде материал, құрал ретінде де қолданылған.

Жақ сүйекті малта құртты езіп, үгітуге де пайдалынды.

 

Қолданылған әдебитет Энциклопелия «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі», 2011 ж, 181 бет, 2 том.

 Әрдайым сіздің Sholpanay